Сұрақтар мен жауаптар


 
Байқауды өткізген жылдар ішінде бірқатар сұрақтар анықталды, олардың жауаптары төменде келтірілген. Көбінесе қойылатын сұрақтар байқаудың ережелерін білмеуімен байланысты. Барлық қатысушылар ережелермен міндетті түрде танысқаны жөн. Егер сізді мазалаған сұрақ тізімде және байқаудың ережелерінде табылмаса, сол сұрағыңызды бізге қоюыңызды өтінеміз, біз қуана-қуана жауап береміз. 


Байқаудың ережелері


 
 
 
 
 
 
 
 
 
«AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі» байқауында қанша номинация бар? 
2010 жылғы байқауда барлығы 18 номинация бар. Бір басты номинация – байқаудың «AWARD.kz 2010 жылдың Үздік сайты» бас жүлдесі, 10 тақырыптық (масс-медиа; бала тәрбиесі, білім беру және ғылым; мәдениет пен өнер; денешынықтыру және спорт; медицина және денсаулық; саяхат және демалыс; желілік сервистер; корпоративтік сайттар; салалық және өңірлік порталдар; билік және өзін өзі басқару органдары; қоғамдық ұйымдар; жеке беттер; танысу және сөйлесу) және 7 арнайы (2010 жылдың сайт жаңалығы; мемлекеттік тілдегі үздік сайт; екі тілді үздік сайт; мобильдік құрылғыларға арналған үздік сайт; үздік дизайн; көрермендер ықыласы жүлдесі; үздік веб-студия) номинация бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Байқауда орыс тілінен басқа тілдегі сайт қатыса ала ма? 
Қатысуға қазақ тіліндегі сайттар да шақырылады. Одан басқа, негізгі тілі ретінде қазақ тілін қолданатын барлық сайттар өздігінен «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» көтермелеу номинациясының қатысушысына айналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Байқауға қатысу қанша тұрады? 
Қатысу мүлде тегін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен өз сайтымды байқауға қатысу үшін тіркеп қойғаннан кейін не болады? 

Өтінім бергеннен кейін, сіздің сайтыңыз іріктеу комиссиясымен үміткерлердің өтінімдеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі қаралады. Іріктеу комиссиясының шешімі өтінім берген сәттен бастап 48 сағаттың ішінде сізге электрондық пошта арқылы хабарланады. Іріктеу комиссиясы оң шешім қабылдаған жағдайда, сіздің сайтыңыз байқауға қатысушылар тізіміне кіргізіледі де, өз номинациясының бетінде пайда болады, ал сіз өз кезегінде байқаудың баннерін өз сайтыңыздың мұқаба бетіне орналастыруыңыз қажет. Осыдан кейін сіздің сайтыңыз байқауға қатысуды бастайды. Үміткерлердің өтінімдеріне қойылатын талаптардың бұзылу жағдайлары байқалса, сізге іріктеу комиссиясының әрбір мүшесінің қабылдамау себептері көрсетіледі және оларды жою ұсыныстары беріледі. Қатысуға қабылданбаған сайттарды қайта тіркеу (1 реттен артық емес) қабылдамау себептері түзетілгеннен кейін рұқсат етіледі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен керемет сайт жасадым, бірақ оның іші толған порнография, барлық жерде жұмыс істеп жатқан билікті зорлыққа ұшыратуға шақырулары әдемі жазылған, кілттері бұзылған үйме-үйме керемет бағдарламалар, атом бомбасын жасау жөніндегі пактикалық схема бар. 
Өкінішке орай, бізде «Оларды милиция іздеуде» атты номинациясы жоқ, бірақ сіз бізге өзіңіз және өз сайтыңыз туралы толығырақ баяндап берсеңіз, біз оларды міндетті түрде тиісті «байқауға» береміз, ол жерде сізге қатты қуанатын болады. Сіздің байқауға қатыспайтын тағы қандай себептері бар екенін байқау туралы ережеден қараңыз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен өз сайтымда байқаудың баннерін орналастырмасам бола ма? Ол менің сайтымның дизайніне мүлдем сай емес.
Жоқ. Баннерді орналастыру іріктеу комиссиясынан өткен барлық қатысушылар үшін байқаудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Бұл шартты орындамаған жағдайда, Ұйымкомитеті қатысушыны байқаудан шығарып тастауға құқылы болады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазнет 2010 үздік сайттарын қашан және кім анықтайтын болады? 
Байқау 4 кезеңде 2010 жылдың 25 мамырынан 31 қазанына дейін өтетін болады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы мүшелері интернет пайдаланушылардың белсенді қатысуымен бірге анықтайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қатардағы интернет-пайдаланушылардың байқауда алатын орны қандай? 
Интернет-пайдаланушылар номинанттар мен жеңімпаздарды «Көрермендер ықыласы жүлдесі» номинациясында анықтайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұйымкомитетінің, қазылар алқасының, іріктеу комиссиясының мүшелері, демеушілер байқауға қатысу үшін өтінім бере ала ма? 
Барлық аталған тұлғалар өз еңбектерін байқауға қатыстыра алады. Байқау интернет пайдаланушылары үшін мүлдем ашық түрде өтеді және біржақты көзқараспен бағалауды жою үшін, белгілі бір механизмдер бар. Біріншіден, байқауға ұсынылған еңбектерді демеушілер мен ұйымкомитеті емес, оны қазылар алқасы анықтайды. Екіншіден қазылар алқасының мүшесі өз өтінімін берген жағдайда байқау туралы ережеге сәйкес бағалауға құқылы болмайды. Оның орнына мұндай сайтты ұйымкомитетінің өкілі бағалайды. Қазылар алқасы ұйымкомитетін бағаланып отырған сайтқа тікелей немесе жанама қатысы бар екені туралы ескертпеген жағдайда, және бұл туралы басқа қазылар алқасы мүшесіне немесе ұйымкомитетіне белгілі болған жағдайда, сайт өздігінен байқаудан шығарылып тасталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бір веб-сайт бірнеше номинацияға (ішкі номинацияға) қатыса ала ма? 

Жоқ. Қатысушының ресурсы байқаудың тек бір ішкі номинациясына ғана қатыса алады

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен өз сайтымды қатыстыру үшін өтінімді қашан бере аламын? 
Қатысу үшін өтінімдер 2010 жылдың 25 мамырынан бастап 15 қыркүйегіне дейін қабылданады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Сайтпен жұмыс істеу жөніндегі техникалық сұрақтар


 
 
 
 
 
 
 
 
 
Менің сайтым туралы ақпаратты қалай өзгертуіме болады? Оны тіркегеннен кейін және ол мақұлданғаннан кейін ресурстың номинациясын (не болмаса ішкі номинациясын) және оның сипаттамасын өзгертуге болады ма?
Сіз барлық өзгертулерді байқаудың сайтына тіркелген кезіңізде қатынауға рұқсат етілген жеке кабинетіңізде енгізе аласыз. Сіз өзгертулерді енгізгеннен кейін байқау сайтының сыртқы бөлігінде олар бірден көрінбейтінін ескере кету керек. Алдымен, олар 48 сағат бойы байқаудың қандайда бір ережелерін бұзатын жағдайларының болуына сайт әкімшісінің тексеруінен өтеді. Егер бұзатын жағдайлар анықталмаса, сіз енгізген өзгертулерді белсендендіру жүргізіледі де, олар байқау сайтының сыртқы бөлігінде көрінетін болады. Егер бұзу жағдайлары анықталған болса, онда сіздің сайтыңыздың сипаттамасы бастапқы күйге қайтарылады. Белсендендіру немесе қабылдамау туралы хабарлама сіздің жеке кабинетіңізде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен өтінім бердім, бірақ өз сайтымды қатысушылар тізімінен таба алмадым. Бұл нені білдіреді? Бәлкім, менің сайтым белгісіз бір себептермен тізімге кіргізілмей қалған шығар?
Өтінім (қатысуға берілген сайт және оған жасалған сілтеме) қатысушылар тізімінде тек іріктеу комиссиясымен тексерілгеннен кейін ғана пайда болады. Егер сіз өтінім бергеннен кейін өз сайтыңызды байқауға қатысушылар тізімінің арасынан таба алмасаңыз, онда сізге сәл күте тұруға тура келеді, себебі сіздің сайтыңыз өңдеу кезеңінде тұрған болуы керек. Іріктеу комиссиясына өтінімді қарау үшін 48 сағат беріледі. Қалай болғанда да, өзіңіз өтінім беру кезінде көрсеткен электрондық жәшіктен міндетті түрде сіздің байқауға қатысу өтініміңізді қабылдау немесе қабылдамау туралы жауап аласыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өтінімді қайтадан қалай жіберуге болады?
Сіз қабылданбай қалған өтінімді редакциялағаннан кейін жібере аласыз. Осыдан кейін оған «Қайта қаралуда» мәртебесі беріледі. Өтінімді ережелерге сәйкес тек 1 рет қана жіберуге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Менің сайтымды мақұлдады. award.kz санауышын қалай алуға болады?  
Санауыштың кодын өз жеке кабинетіңізден аласыз.
Бұл үшін өзіңіздің жеке кабинетіңізде:
  1. «Менің өтінімдерім» бөлімін ашыңыз.
  2. Іріктеу комиссиясы мақұлдаған әрбір сайттың оң жағында орналасатын «Қатысушының белгісі» сілтемесін басыңыз.
  3. Сізге қолайлы санауыштың кодын көшіріп алыңыз.
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сіз маған жүлдеге қатысушының баннер(лер)ін (санауыш емес, баннерді) бере аласыз ба?  
Жүлдеге қатысушының баннерін Материалдар бетінен жүктеп алуға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дауыстар (смс және веб дауыстары) бар кодтың бір бөлшегін өз сайтыма орналастыра аламын ба? 
Өз өтініміңіз туралы ақпаратты сіз мына амалдар бойынша ала аласыз:

- http://award.kz/catalog/counter/id/өтінім коды.html - PNG-Веб және СМС дауыс саны бар көрініс;
- http://award.kz/catalog/xml/id/өтінім коды.html - XML - Веб және СМС дауыстарының қорытындыларымен.

Сонымен бірге Award.kz сайтына сіздің өтініміңізге сілтеме қою керек, онсыз бұл қатысушы белгісі болып есептелмейді.

http://award.kz/catalog/show/id/өтінім коды.html

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сайт туралы ақпаратты қалай өзгертуге болады? Редакциялап көрдім, ақпарат өзгермейді.  
Редакциялағаннан кейін іріктеу комиссиясы басшыларының сіз енгізген түзетулерді растауын күтуіңіз керек. Осыдан кейін сіз енгізген түзетулер сайтта көрінеді.

Әдетте, бұл бір күн ішінде жүргізіледі. Қажеттінің барлығын жаңартыңыз да, тәулік ішінде расталуын күтіңіз.

 
 
 
 
 
 
 
 
 


Award.kz сайтының құрылымы жөнінде


 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сайттың негізгі бетінде «Әзірлеушілер статистикасы» атты блокта әзірлеушілер қандай принцип бойынша көрсетіледі?
Сайттың негізгі бетіндегі «Әзірлеушілер статистикасы» атты блокта Іріктеу комиссиясы ең көп мақұлданған сайттарындағы әзірлеушілер ретінде көрсетілген компаниялар немесе жеке тұлғалар көрсетіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 




 

Сілтеме: http://www.award.kz/faq/index.html