Бүгін «AWARD.kz 2009» Ұлттық интернет-премиясын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.

19 ноября 2009

Дәстүрлі  «AWARD.kz 2009» Ұлттық интернет-жүлдесі Казнет және отандық инновациялық ресурстар үшін атаулы шараға айналды. Бүгін, 2009-жылдың 18-қарашасы, сағат 18.00 –де «Рето-Шлягер» клубында (Жандосов көш. 58, Айманов көш-нің қиылысы) AWARD.kz жүлдесін марапаттау рәсімі өтеді. Бұл кешке қатыса алмайтындар марапаттау рәсімін www.kiwi.kz видео-ресурсы арқылы  тікелей эфирде көре алады.


Ең мықты Казнет жобаларының конкурсы берілген өтініштерден бастап, әділ-қазылар алқасымен  функционал, дизайн, мазмұн және т.б көрсеткіштер бойынша сұрыпталу сынды бірнеше қадамдармен өткізілді.   


Қазақстандық жобалар  «Масс-медиа», «Бала тәрбиесі, білім және ғылым», «Мәдениет және өнер», «Денетәрбиесі және спорт, медицина және денсаулық, саяхат пен демалыс», «Желілік сервистер», «Корпоротивті сайттар», «Салалық және аймақтық порталдар», «Билік органдары мен өзін-өзі басқару мекемелері», «Қоғамдық ұйымдар», «Персоналды парақшалар, танысу және қарым-қатынас» номинацияларын, сонымен қатар, «Мемлекеттік тілдегі ең мықты сайт», «Ең мықты қос тілді сайт», «Ең мықты дизайн», «2009-жылдың сайт жаңалығы», «Жылдың ең мықты веб-студиясы», «AWARD.kz 2009-дың ең мықты сайты» арнайы номинацияларын сарапқа салады.


Бүгін, 18-қарашада салтанатты кеште жеңімпаздар аталады. Жеңімпаздарды марапаттайтындардың арасында Қазақстан және Ресей веб-индустриясы мен IT-технологиясының кәсіпқой мамандары, сондай-ақ, скрипкашы Лана, белгілі дизайнер Аида Кауменова, әнші Алмас Кішкенбаев, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина және т.б бар. Салтанатқа Қазақстан Республикасының информатизация және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев қатысады.


Әділ-қазылар алқасының төрағасы – танымалы украиндық кәсіпкер және интернет-қайраткер,  Imena.UA домендік есімдерді тіркеуші компаниясының президенті, Украинаның инернет ассоциациясының төраға орынбасары, «Украина инернет қайраткерлерінің форумы» конференциясының төрағасы Александр Ольшанский.


- Биыл жеңімпаздардың статусы мен бәсекелестікті арттыру мақсатында конкурс номинациялары 14-тен 10-ға қысқартылды. Мұнымен қоса, алғашқы рет «Казнет-тің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін» номинациясы бойынша жүлделер берілетін болады. – дейді   AWARD.kz 2009» ұйымдастыру комитетінің төрағасы Константин Горожанкин – Сонымен бірге, биыл қазылардың және тағайындау комиссиясының дауыс беру методикалары өзгертілді. Ресурстардың сапасы жыл сайын жақсарып келеді. Бұл – шетелдік қазыларымыз байқап үлгерген факт. Бірақ ең бастысы – әлеуметтік және бизнес идеялары бар жаңа жобалар көптеп ашылуда. Сондықтан «жүлделерді жылда белгілі бір сайттар ғана ала береді» деген скептиктердің пікірі қате. Бұрынғы жеңімпаздрымыз биыл жаңа жобаларға орын береді. Ал конкурстың бас жүлдесін 2009-жылы пайда болған ресурс алады.


Және де дәстүр бойынша конкурс аяқталған соң қарашаның 19-жұлдызында Қазақ Британ техникалық университетінде (Төле би көшесіндегі кіре беріс) мастер-класс өтеді. Мастер-класс бағдарламасында мәскеулік Umisoft компаниясынан, Netcat.ru, «Каванга» интернет-жарнама агенттігінен келген ресейлік веб-девелоперлерінің презентациясы бар. Олар сайттардың басқару жүйесін таңдау және басқа да дағдарыс кезінде жобаларды іске асыру құпияларымен бөліседі. Шараға қатысу – тегін.


Сондай-ақ, әділ-қазылар алқасының төрағасы Александр Ольшанский «UaNet дегеніміз не? Оның Казнет-тен  ерекшеліктері мен ұқсастықтары қандай? Украиндық интернетте кім және қалай ақша жасап жатыр? жергілікті ресурстар ресейлік сервистердің басқыншылығынан қалай қорғана алады? » тақырыптарында өз мастер-классын өткізеді.


Маңызды ақпарат:


18 қараша сағат 18.00 «Ретро-Шлягер» клубының залында БАҚ-на арналған баспасөз мәслихаты болады
Тақырыбы: Казнет ресурстары дамуының заңдылытары мен 2009 жылы өткізілген премиясын өткізудегі ерекшеліктер.

 

  1. Спикеры: Александр ОЛЬШАНСКИЙ (Украина) –AWARD.kz 2009 әділ қазылар алқасының төрағасы
  2. Куанышбек ЕСЕКЕЕВ –ИБА РК
  3. Константин ГОРОЖАНКИН – Директор ОФ «национальная интернет-премия AWARD.KZ ұлттық интернет-жүлдесі» қоғамдық қорының директоры
  4. Шавкат САБИРОВ –AWARD.kz ұйымдастыру комитетінің мүшесі  – Қазақстан интернет ассоциациясының президенті,
  5. Александр ЛЯХОВ – AWARD.kz ұйымдастыру комитеті төрағасы
  6. Софья БУЛАНОВА – AWARD.kz ұйымдастыру комитетінің  мүшесі – Технологиялық демеуші