1.1. Конкурстың ресми атауы
«AWARD.kz ұлттық интернет-сыйлық-2006» веб-сайттар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс).
1.2. Конкурстың ресми сайты
http://www.award.kz
1.3. Конкурс мақсаты мен міндеттері
Конкурс жыл сайын көркемдік, технологиялық және әлеуметтік-мәдени жоспарда қазақстандық Интернеттің (Казнет) интернет-ресурстарын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Конкурстың басты міндеті Қазақстанда Интернетті шығармашылық, демалыс және кәсіби қызмет үшін жаңа ортада қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді, яғни:
1.4. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі түсініктер:
Форум әкімшісі – Конкурс сайтының форумын жалпы басқаруды жүзеге асырады.
Әділ-қазылар – сайттарды кәсіби бағалауды жүзеге асыру және Конкурс жеңімпаздары туралы шешім қабылдау үшін Ұйымдастыру комитеті мен Әділ-қазылар төрағасы шақырған адамдар тобы.
Конкурс – осы ережені бағалау критерийларына сай интернет-жобаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Интернет-пайдаланушылар – арнайы веб-формдар пайдалану арқылы үздік қазақстандық ресурстарды анықтау жөнінде дауыс беруге қатысатын Интернет желілерін пайдаланушылар.
Конкурсқа қатысушы – Конкурсқа қатысу үшін Іріктеу комиссиясы іріктейтін сайт.
Марапаттаулар – Конкурс жеңімпаздарына берілетін сыйлықтар мен дипломдар.
Номинант - өз номинациясында Конкурс Жеңімпазының белгілеуі бойынша қорытынды дауыс беру үшін Іріктеу комиссиясы немесе интернет-пайдаланушылар іріктейтін сайт.
Ұйымдастыру комитеті – Конкурсты стратегиялық және жедел басқаруды жүзеге асыратын адамдар тобы.
Іріктеу комиссиясы –Үмірткерлер ішінен Конкурсанттарды алғашқы іріктеуді және Конкурсанттар ішінен Номинанттарды кейіннен іріктеуді жүзеге асыру үшін Ұйымдастыру комитеті шақыратын адамдар тобы.
Жеңімпаз - Әділ-қазылар номинанттардың ішінен өз номинациясы бойынша үздік деп таныған сайт.
Әділ-қазылар төрағасы – Номинанттар ішінен Жеңімпаздарды анықтау процесін жалпы басқаруды жүзеге асырады.
Іріктеу комиссиясының төрағасы – Үміткердің арасынан Конкурсқа қатысушыларды іріктеу үдерісіне, сонымен қоса Конкурсқа қатысуға тапсырысты тексеруге және редакциялауға Үміткерлердің өкілдерімен өзара байланысқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Үміткер – Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған заңды немесе жеке тұлғаның (өтініш берушінің) сайты.
SMS-пайдаланушы – SMS-қызметті пайдалану арқылы ең жақсы қазақстандық ресурстарды анықтау бойынша дауыс беруге қатысушы мобильді байланысты пайдалунышы.
Демеушілер мен серіктестер – Конкурсты материалдық, ақпараттық, технологиялық немесе басқа да нысанда қолдайтын кез-келген меншік нысанындағыжеке және заңды тұлғалар. Демеушілердің құқықтары мен міндеттері тиісті Демеушілік пакеттермен белгіленеді.
Титульдық демеуші – Конкурстың негізгі шығыны көп бөлігін қаржыландыратын компания (сауда маркасы). Титульдық демеушінің сауда маркасының атауы Конкустың ресми атауына қосылады.
Ақпараттық демеуші – Конкурсты өткізудің барлық кезеңінде ақпарттық қолдауды жүзеге асырады.
Технологиялық демеуші – Конкурсты техникалық қолдауды қамтамасыз етеді, қажетті жабдықтар мен аксессуарларды ұсынады, Конкустық сайтын әзірлейді және қолдайды.
1.5. Конкурс өткізуді үйлестіру
Конкурсты өткізуді ұйымдастыру веб-тақырыптарға байланысты қызметтердің түрлі салаларындағы сарапшылардан құрылған, құрамын Іріктеу комиссиясы мен Әділ-қазылар құрып, бекітетін Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
Конкурсты өткізу кезінде Ұйымдастыру комитеті Технологиялық демеушімен бірлесіп компьютерлік мәліметтер базасын құрып, қолдайды. Оған:
1.6. Ұйымдастыру комитетінің құрамы
Ұйымдастыру комитетінің құрамы негізгі жұмыс орындары, айтарлықтай маңызды интернет-жобалар, интернет қауымдастығының алдындағы қызметтері көрсетілген.
1.7. Әділ-қазылар алқасының құрамы
Әділ-қазылар алқасы негізгі жұмыс орындары, айтарлықтай маңызды интернет-жобалар, интернет қауымдастығының алдындағы қызметтері көрсетілген жұмыс тобы бойынша бөлінген.
1.8. Іріктеу комиссиясының құрамы
Іріктеу комиссиясының құрамы негізгі жұмыс орындары, айтарлықтай маңызды интернет-жобалар, интернет қауымдастығының алдындағы қызметтері көрсетілген.
1.9. Ақпарат алмасу
Ұйымдастыру комитеті, Әділ-қазылар, Іріктеу комиссиясы және Конкурсқа қатысушылар арасындағы ақпарат алмасу электронды поштаның көмегімен Конкус сайтының www.award.kz. Форумы арқылы жүргізіледі.
1.10. Дауыс беру
Іріктеу комиссиясы мен Әділ-қазылардың мүшелеріне дауыс беру Технологиялық демеушінің көмегімен әзірленген арнайы онлайн-интерфейстердің көмегімен жүргізіледі. Сонымен қатар, Әділ-қазылардың әрбір мүшесі дауыс беру аяқталғаннан соң жүйе Ұйымдастыру комитетімен Әділ-қазылар мүшесінің электронды поштасының мекен-жайына веб-сайттан жіберілетін редакциялау пішімінен қорғалған файлда жасалады. Дауыс беруге қол жетімділік алқалы шешім қабылдау мен іріктеу комиссиясы мен Әділ-қазылар мүшелеріне жасалған қандай да бір қысым мүмкіндігін жояды.
1.11. Конкурс ФорумыӘкімшісінің құқытары мен міндеттері
Конкурс Форумының Әкімішісі Конкурстың ұйымдасытыру комитетінің мүшелері қатарынан таңдалады және мынадай қызметтерді жүзеге асырады: