6.2. Байқауға қатысу үшін өтінім беру
Байқауға қатысу үшін өтінім берген сәттен бастап Байқаудың өткізілуі аяқталғанша, яғни, 2011 жылдың 31 қазанына дейін, жұмыс істеп тұрған сайт ұсынылуы мүмкін. Бір өтінім беруші ұсынатын сайттың саны шектелмейді. Байқауға қатысу үшін өтінімді сайтқа тікелей қатысы бар тұлға да (әзірлеуші, веб-шебер, иесі немесе оның өкілі), және кез келген қалаған тұлға да жібере алады. Сайтты байқауға қатыстырудан қайтарып алуды, сондай-ақ қайта тіркеуді тек оның иесі ғана жасай алады! Ұйымкомитетінің, Іріктеу комиссиясының, Қазылар алқасының мүшелері мен Демеушілер де қатысуға өтінім бере алады, бұл кезде ұйымдастырушылар мұндай жұмыс жалпы негіздерде бағаланатынына кепілдік береді.Бір сайт тек бір тақырыптағы номинацияға қатыса алады. Порталдың құрамдас бөлігі болып табылатын сайт мәні жағынан аяқталған тұтас еңбек болып табылған жағдайда Байқауға қатыса алады.
Ұсынылған еңбектің қатысатын Номинациясын Үміткер белгілейді. Бұл кезде Іріктеу комиссиясы 6.3-тармағына сәйкес номинацияны өзгертуге құқылы, себебі Номинацияның жаңылыс анықтамасы Байқаудың аталған номинациясындағы және тұтастай Байқаудағы қорытындыларды бұзуы мүмкін.
6.3. Өтінім нысаны
http://www.award.kz/sitereg (сілтеме 2011 жылдың 25 мамырынан бастап белсенді болады) мекенжайында тұрған тіркеу нысанын толтыру, байқауға қатысуға өтінім беру болып саналады. Нысанда міндетті түрде толтыруға арналған:— Сайттың атауы – «Абвгдейка» ЖШС-ның форматында немесе ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі бекіткен форматында;
— Веб-мекенжайы (URL) – www.abcdefgh.kz форматында;
— Сайттың қысқаша сипаттамасы;
— Иесі – ұйымның ресми атауы (сауда белгісі) немесе тіркелген немесе тұрғылықты өңірі көрсетілген, жеке тұлғаның толық аты-жөні;
— Әзірлеуші – ұйымның ресми атауы (сауда белгісі) немесе жеке тұлғаның толық аты-жөні;
— Тақырыптық номинация;
— Ішкі номинация;
— Ресурстың негізгі, сондай-ақ қосымша тілдері;
— Сайттың орналастырылуы (хостинг);
— Сайттың ресми ашылған күні – қазан 2009 форматында;
— Байланыс ақпараты (аты-жөні, телефоны және байланыс тұлғасының электрондық пошта мекенжайы);
— WAP-технология (тиісті сайттар үшін) сияқты орындары бар.
Іріктеу комиссиясының пікірінше өтінім беруші тіркеу нысанын толтыру кезінде қате жіберген жағдайда (мысалы, номинациядан қателесу, қате URL көрсетілген және т.б.) Іріктеу комиссиясы мен Шағын қазылар алқасының Төрағасы тиісті түзетулерді өтінім берушіге хабарлай отырып енгізеді. Өтінім беруші Іріктеу комиссиясының шешімін жеткілікті мөлшерде дәлелдер келтірген жағдайда даулауға құқылы, бұл кезде Төраға Іріктеу комиссиясымен келісе отырып өздері енгізген түзетулерді жояды.
6.4. Сайттың байқауға қатысу рұқсатының әдістемесі
Сайттың Байқауға қатысуға рұқсат беру туралы шешім Іріктеу комиссиясының мүшелерінің тәуелсіз дауыс беру қорытындыларымен қабылданады. Іріктеу комиссиясының мүшелері өз шешімдерінде («Жақтағандар» немесе «Қарсы болғандар») Үміткердің сапасына қатысты байқауға қатысушыларға қойылатын ОБЪЕКТИВТІ талаптарды (6.5 т. қараңыз) және өзінің СУБЪЕКТИВТІ пікірін негізге алады. «Қарсы болғандар» шешімі 6.5.- тармағында келтірілген тізімнің ішінен себепті көрсете отырып немесе жазбаша хабарлама түрінде (субъективті себептер бойынша қабылданбаған жағдайда) сүйемелденуі керек.Үміткердің Байқауға қатысуға рұқсат беру туралы шешімін құрамы 3 адамнан тұратын Іріктеу комиссиясы өтінім берілген сәттен бастап 3 тәулік ішінде қабылдайды. 3 тәулікті санау өтінім берілген күннен кейінгі келесі күннің 00:00-ден басталады. Сайт Үміткер болуы үшін 2 «Жақтағандар» дауысы жеткілікті, тиісінше қатысудан бас тарту үшін – 2 «Қарсы болғандар» дауысы қажет. Қатысуға қабылданған сайттың иесіне Байқаудың баннерінің коды мұқаба бетте орнату үшін жіберіледі. Байқауға қатысуға қабылданбаған Үміткерге бас тарту себебі көрсетілген хабарлама жіберіледі. Байқауға қатысушы сайтта Іріктеу комиссиясы немесе үшінші тұлғалар Байқауға қатысу құқығынан бас тарту негізі бар материалдар болуын байқаған жағдайда (6.5-тармағын қараңыз) өтінім берушіге тиісті ескерту жіберіледі. Егер өтінім беруші 5 күн ішінде түзетулер енгізбесе, онда Іріктеу комиссиясы бұзушы сайтты қайта дауыс беруге қояды. Дауыс беруден кейін сайтты Байқаудың жаңалықтарында осы процедураны аңдатпалай отырып байқаудан шығарып тастау керек.
6.5. Үміткерлердің өтінімдеріне қойылатын талаптар
Қатысуға кез келген жеке немесе заңды тұлғалар – олардың еңбектерінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі негізгі нұсқасы бар және:— Қазақстан туралы баяндайтын;
— қазақстандық пайдаланушыларға арналған;
— қандайда бір жолмен Қазақстанмен байланысы сайтта анық көрсетілген адамдармен жасалған критерийлерінің біреуін қанағаттандыратын интернет-ресурстардың иелері шақырылады.
Өтінім берушілердің тұрғылықты жері және азаматтығы, сондай-ақ сайт тіркелген домендік аймағы маңызды емес.
Қатысуға қабылдамау:
— Сайттың мазмұны құқықтық немесе адамгершілік нормаларына сай емес (зорлықты, ұлтаралық және дінаралық іріткіні, адами қасиеттерді қорлаушы, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын порнографиялық мазмұнды, діни тоталитарлық секталардың, қаржы пирамидаларын, жыныстық қызметтердің ресурстарын насихаттау және т.б.);
— Сайт тіркеу уақытына техникалық жағынан дайын емес (хостингі жұмыс істемейді, 20% астам бөлімінде ақпарат жоқ немесе ашылмайды және т.б.);
— Сайтты тіркеу кезінде көрсетілген деректер шынайы емес;
— Сайт номинацияның сипатына сай келмейді;
— ішіндегі бағдарламаларды (скриптілер, құпия сөздер, кодтар, шифрлар және т.б.) және коммерциялық сипаттағы өзге де ақпараттарды (әдеби шығармалар, музыкалық файлдар және т.б.) сайт иесінің тарату құқығы болмауы себептерінен болуы мүмкін.
Қатысуға қабылданбаған сайттарды қабылдамау себептері түзетілгеннен кейін қайта тіркеуге (1 реттен артық емес!) рұқсат беріледі.
